Үндістанда екі басты жылан видеоға түсірілді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon 1373
comments icon 0
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

YouTube-те Jam Press-арнасында екі басты жыланның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

YouTube-те Jam Press-арнасында екі басты жыланның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Деоли ауылындағы Баладжи ғибадатханасының маңынан ұзындығы шамамен 18 сантиметр болатын ерекше жылан табылған.

Жабайы табиғат мамандары оған шамамен алты ай болғанын айтқан. Жыланның бұл түрі ауданда алғаш рет анықталған.

Реклама
Реклама

Қазір екі басты жыланға жергілікті табиғатты қорғау мекемесінде күтім жасалып жатыр. Мұндай ауытқуы бар жыландар ұзақ өмір сүрмейтіні айтылды. Екі бас тамақ үшін таласады, өйткені олар бәрі бір асқорыту жүйесіне түсетінін түсінбейді. Әдетте, бір бас екіншісіне қарағанда дамыған болады.

Телеарна мәліметінше, кейінгі жылдары елде екі басты жыландар бірнеше рет ғана табылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Жансая Қадыржанова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная