ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2022 | 19:08
Үндістандағы үйлену тойында 13 әйел құдыққа құлап, мерт болды
Үндістанның солтүстігіндегі үйлену тойында 13 әйел кенет құдыққа құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Үндістанның солтүстігіндегі үйлену тойында 13 әйел кенет құдыққа құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, әйелдер халық көп тұратын Уттар-Прадештегі Кушинагар ауданындағы үйлену тойына барған. Шараға қатысушылар дұға ету үшін ғимарат маңына жиналған. Олар құдықты жауып тұрған темірге отырған. Кенет олардың салмағы басып кетіп, бәрі ішіне қарай құлап кеткен.
Ер адамдар зардап шеккендерге көмектесуге тырысқан. Құтқарушылар кем дегенде 16 әйелді алып шыққан, бірақ үш әйел ғана аман қалған. Полиция қызметкерінің айтуынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30 шамасында болған.
Аудан басшысы Кушинагара Раджалингам құдықтың ескі екенін және темірде отырғандардың салмағын көтермегенін айтты.
"Құрбандар төменге құлап кетті", - деді Раджалингам.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Twitter-де марқұмдардың отбасыларына көңіл айтты.
"Қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Жергілікті әкімшілік барлық жағынан көмек көрсетуге дайын", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также