19 қыркүйек 2024 | 09:30

Үндістандық екі студент Шымкенттегі пәтерде өлі табылды

Фото:depositphotos.com

Үндістандық екі студент Шымкентте жалдамалы пәтерден өлі табылды. Өлімнің себебі анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістандық екі студент Шымкентте жалдамалы пәтерден өлі табылды. Өлімнің себебі анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, марқұм Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2 курс студенттері және қаланың Әл-Фараби ауданында үш шетелдік азаматпен бірге жалдамалы баспанада тұрған.

Жатын бөлме мен дәлізден 21 және 22 жастағы шетелдіктердің мәйіті табылғаны хабарланды.

Реклама
Реклама

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жастар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болды деген алғашқы нұсқаны жоққа шығарды. Пәтерде орнатылған газ колонкасы мен ас үй плитасында заңбұзушылықтар анықталған жоқ.

Студенттердің өлімінің себебі сараптама арқылы анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram