01 ақпан 2023 | 09:55

Үштөбеде әскерилер өртеніп жатқан үйден бір отбасыны құтқарып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Әскерилер Үштөбе тұрғындарын өрттен құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әскерилер Үштөбе тұрғындарын өрттен құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, оқиға 20 қаңтарда болған. Әскери қызметшілердің ержүрек қимылы туралы мәлімет бүгін ғана Жетісу облысы Қаратал ауданының төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінің әскери бөлім қолбасшылығына келіп түскен хатынан белгілі болған. Онда олар өрт кезінде шешуші қадам жасап, ерлік көрсеткен әскери қызметшілерге алғыс білдірген.

"Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 55078 әскери бөлімінің әскери қызметшілері кіші сержант Дәурен Жәнібеков, қатардағы жауынгерлер Әлібек Шадетов, Ілияс Низамбек, Рауан Ақкемпіров және Наурыз Қарабеков жанып жатқан үйден екі баласы бар әйел мен ерлі-зайыпты қарт кісілерді алып шықты.

Төтенше жағдай кезінде әскерилер Момышұлы көшесіндегі үйдің жанынан өтіп бара жатқан. Осы сәтте жеке ғимаратта газ баллонының жарылуы салдарынан өрт болды. Кіші сержант Дәурен Жәнібеков, қатардағы жауынгерлер Рауан Ақкемпіров пен Наурыз Қарабеков отқа оранған үйден екі жас бала мен әйелді және ерлі-зайыпты қарт кісілерді қауіпсіз жерге алып шығады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Осы уақытта қатардағы жауынгерлер Әлібек Шәдетов пен Ілияс Низамбек өз өмірлерін қатерге тіге отырып, баллонды сыртқа алып шығып, болуы ықтимал жарылыстың алдын алған.

Бұдан кейін қатардағы жауынгер Әлібек Шәдетов зардап шеккендерді автокөлікпен орталық аудандық ауруханаға жедел жеткізді. Қалған әскери қызметшілер өрт сөндіру бригадасы келгенге дейін тілсіз жауды ауыздықтап, өртті оқшаулап үлгереді.

"Адамдардың қиыншылыққа тап болғанын көріп, өлім қаупі бар екенін түсінгендіктен біз басқаша әрекет ете алмадық. Сын сәтте қызмет барысы мен жаттығуларда алған дағдыларымыз іске қосылды", – дейді қатардағы жауынгер Әлібек Шадетов.

55078 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өрт болған отбасының қайғысына бейжай қарамай, тұрғын үйді қалпына келтіруге қолдан келгенше көмек көрсетуді ұйғарып отыр. Бөлім қолбасшылығы ерекше көзге түскен жауынгерлерді наградаларға ұсынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная