05 желтоқсан 2018 15:40

"Үсіп өлген". Қостанайлық полицейлер өлі табылған әйелге қатысты пікір білдірді

Полициядағылар Қостанайда Затобол ауылында өлі табылған әйелге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полициядағылар Қостанайда Затобол ауылында өлі табылған әйелге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 27 қарашада таңғы уақытта Затобол ауылында Ленин-Школьная көшелерінің қиылысында әйелдің денесі табылған. Полицейлер ол аумақты бірден қоршауға алған.

Реклама
Реклама

"27 қарашада Қостанай аудандық полицияның кезекші бөліміне Ленин-Школьная көшелерінің қиылысында денесінде зорлық белгілері жол әйелдің өлі табылғаны жайлы хабар келіп түсті. Полицейлер оқиға орнына барып, әйелдің аты-жөнін анықтады. Оның 36 жаста екені және ішімдікке құмарлардың есебінде тұрғаны белгілі болды", - деп хабарлады полициядағылар.

Облыстық полиция қызметкерлерінің айтуынша, өлімнің себебі - денесі мұздап, үсіп қалған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram