Үтік пен шанышқыны қыздырып басқан: Шымкентте анасы балаларына қатыгездік көрсеткенін мойындады

Үтік пен шанышқыны қыздырып басқан: Шымкентте анасы балаларына қатыгездік көрсеткенін мойындады Видеодан кадрлар

Шымкентте өз балаларына жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталған әйелге қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Биылғы қаңтарда әлеуметтік желілерде тараған қатыгездік бейнежазбасы қазақстандықтардың жағасын ұстатқан болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz жергілікті Otyrar басылымына сілтеме жасап.

Шымкентте өз балаларына жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталған әйелге қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Биылғы қаңтарда әлеуметтік желілерде тараған қатыгездік бейнежазбасы қазақстандықтардың жағасын ұстатқан болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz жергілікті Otyrar басылымына сілтеме жасап.

Балалар зорлық-зомбылық туралы айтып берді

Сот отырысы барысында бейнежазбалар зерттеліп, кәмелетке толмаған балалардан жауап алынды. Балалардың айтуынша, анасы оларды ұрып-соғып, қызған заттармен денелерін күйдірген және өмірлеріне қауіпті жаза түрлерін қолданған.

Жарнама
Жарнама

Сотталушы өз кінәсін жоққа шығарған жоқ. Сотта оның тергеу кезінде берген жауаптары оқылды.

— Тергеуде берген жауаптарыңызды қуаттайсыз ба? Мына жерде ашуланып шанышқыны газға қыздырып, Махмұдтың аузын күйдірдім деп жазғансыз.

— Иә, қуаттаймын.

— Сосын, Махмұдтың дәретханада темекі шегіп тұрғанын көріп қалдым, үтікті қосып, оны қыздырып, баланың бетіне, жамбасына, ішіне бастым деп жазғансыз. Растайсыз ба?

— Растаймын.

Балалар қамқорлыққа алынды

Сотталушының бұрынғы енесі сотта әйелді кешіретінін айтты. Соған қарамастан, қылмыстық істі қарау жалғасып жатыр.

Сотталушы кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді.

Үтік, қызған шанышқы және мұздай су

Еске сала кетейік, қаңтарда әлеуметтік желілерде денелері көгеріп, күйік шалған балалардың видеосы тараған болатын.

Балаларға үйде қалай қарайтыны туралы шындық 9 және 11 жастағы екеуі мектепке бармай қойғаннан кейін ашылды. Отбасына педагогтер барып, балалардың жантүршігерлік күйін көрген соң, полицияға хабарласқан.

Сол кезде 29 жастағы әйел ұсталған болатын. Кейін сот әйелдің ата-ана құқығын шектеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама