"Үйді шатастырып алдым". Ақтауда жоғалып кеткен 12 жастағы қыз табылды

Камила Долаева Журналист
"Үйді шатастырып алдым". Ақтауда жоғалып кеткен 12 жастағы қыз табылды

Ақтауда жоғалып кеткен 12 жастағы Диана Бекхожаева табылды, - деп хабарлайды Lada.kz тілшісі.

Анасының айтуынша, қыз жақындарына қоңырау шалып, Ақтауда 14-ші микрорайонда қонақта екенін айтқан. 

"Кеше ағасы әлеуметтік желіде парақша ашқаны үшін оған ұрысқан еді. Ол ренжіп, 14-ші микрорайонда тұратын туысына кетіп қалды. Қатты жаңбырдың кесірінен ол үйді шатастырып алған. Үсті су және кеш болып кеткендіктен, бір әйел қызды үйіне кіргізе тұрыпты. Қыз өзі жылап, адасып қалғанын айтты", - деп хабарлады қыздың әпкесі. 

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта Маңғыстауда 18 жастағы Гүлшат Үмбетованы іздестіру жұмысы жүріп жатыр. Ол кеше, 23 шілдеде Маңғыстау-5 ауылында үйінен шығып, әлі оралмады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама