29 қараша 2023 | 15:17

Үйден шығып, оралмаған: Ақтөбеде мектеп оқушысы екі күннен бері іздестіріліп жатыр

Фото: instagram.com/polisia_aqtobe

Ақтөбеде мектеп оқушысы екінші күннен бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде мектеп оқушысы екінші күннен бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жоғалып кеткен кәмелетке толмаған баланы іздестіріп жатыр. Ресми мәліметтерге сәйкес, 27 қарашада сағат 15.00 шамасында сегізінші сынып оқушысы үйден шығып, қайтып оралмаған.

Реклама
Реклама

"Иов Антон Алексеевич, 2008 жылы туған. Белгілері: 15 жаста, арық денелі, бойы - 160-165 сантиметр, аққұба, көзі көк. Ол қара қалпақ, қоңыр күрте, қаракөк шалбар киген, қолында қара сөмке болған", - деп хабарлады Полиция департаменті.

Ақпарат білетін кез келген адам 102 немесе 8-771-785-1058 нөміріне хабарла алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram