24 қаңтар 2019 12:12

Ұзынағашта сарбаз өз басына оқ атқан

Ұзынағашта (Алматы облысы) Ұлттық ұлан әскери қызметшісі әскери бөлімде басына оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"2018 жылы маусымда Астанада қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті шақыртқан қатардағы жауынгер Қожан Ұласбек 2019 жылы 23 қаңтарда шамамен сағат 01:35-те өзіне берілген қарудан басына оқ атқан. Алған жарақатынан ол қайтыс болды", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Алматы әскери тергеу басқармасы осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын бірыңғай реестрге тіркеді. Қызметтік тексеру тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы марқұмның туған-туыстарына көңіл айтады", - делінген хабарламада. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram