Вице-министр әйелді тұншығудан аман алып қалды

viewings icon
424
0

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов әйелді тұншығудан аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов әйелді тұншығудан аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 3 тамызда болған. Марат Шоранов денсаулық сақтау министрлігіне жұмысқа келген. Осы сәтте 5-подъездегі сатыдан 1969 жылғы әйел жоғарыға көтеріліп бара жатқан. Алайда ол кенеттен есінен айырылып, жерге құлаған.

Реклама
Реклама

"Шоранов әйелді ұстап қалды. Ол әйелдің түрі бозарып кеткенін, тұншығып жатқанын көрген. Вице-министр медициналық тәжірибесінің арқасында әйелге жедел медициналық көмек көрсеткен. Сондай-ақ, ол жүргізушіге көліктен бұрағыш алып келу керегін айтқан. Вице-министр оны әйелде трахеостома болса, қолданбақшы болыпты", - делінген хабарламада.

 
Медициналық көмек алған соң әйел тыныс ала бастаған. Кейін оны жедел жәрдем қызметі ауруханадағы жалпы хирургия және проктология бөліміне жеткізген. Дәрігерлер әйелге "өткір жабысқақ ішек өтімсіздігі" диагнозын қойған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная