31 қазан 2014 16:53

"Внуководағы" ұшақ апаты бойынша үш күдіктіге айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Леденев. ©РИА Новости Владимир Леденев. ©РИА Новости

"Внуководағы" ұшақ апаты ісі бойынша айыптау әуежайдың аэродром қызметінің жетекші инженері Владимир Леденевке тағылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Еске сала кетейік, "Внуково" әуежайында ұшақ апаты 21 қазанға қараған түні болған еді. Апат салдарынан Total компаниясының басшысы Кристоф де Маржери қайтыс болды.

Инженер Леденев - осымен үшінші айыпталушы. Бұған дейін айып тәжірибеден өтуші диспетчер Светлана Кривсунге және диспетчер Александр Кругловқа тағылған болатын. "Бүгін әуежайдың аэродром қызметінің жетекші инженері Владимир Леденевке РФ ҚК 263-бабының 3-бөлігінде ("Абайсыздықта екі не одан көп адамның өліміне соқтырған қозғалыс қауіпсіздігі мен әуе көлігін пайдалану ережесін бұзу") қарастырылған қылмысты жасады деген айып тағылды. Леденевтен айыпталушы ретінде жауап алынды. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр", - деді РФ Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин.

Ол басқа фигуранттарға қатысты тергеу әрекеттерінің жалғасып жатқанын айтты, олардың арасында ұшулар жетекшісі Роман Дунаев пен қар тазалаушы машина жүргізушісі Владимир Мартыненко бар. Алдағы уақытта оларға да айып тағылатын болады. Еске сала кетейік, бұл ұшақ апатынан төрт адам қаза тапқан еді. Жолаушылар борты қар тазалаушы машинаға 248 шақырым/сағат жылдамдықпен соғылған болатын. РФ Тергеу комитетінің мәліметінше, қар тазалаушы көлік жүргізушісінің қанынан 0,6 промилле алкоголь табылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети