Хайнань аралында 25 жастағы қазақстандық жол апатынан қаза тапты

Хайнань аралында 25 жастағы қазақстандық жол апатынан қаза тапты ©ҚР СІМ

Хайнань аралында 25 жастағы қазақстандық жол апатынан қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Осы жылдың 21 наурызында Хайнань аралында (Қытай) жол-көлік оқиғасы салдарынан Қазақстан Республикасының 1990 жылы туылған азаматы Абсалямов Артур қаза тапты", - делінген ведомство сайтында.

Хабарламада Пекинде ҚР елшілігі қызметкерінің денесін Қазақстанға жіберу бойынша қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетіліп жатқаны айтылады. 

Реклама
Реклама

"Абсалямовтың отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз. Абсалямовтың денесін тасымалдауға кететін шығынды оның жұмыс беруішісі өтеп береді", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама