29 қараша 2023 | 17:02

Яссауи кесенесінде теракт жасалмақ болған. Әкім пікір білдірді

Фото:depositphotos.com

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қожа Ахмет Яссауи кесенесін кім жармақ болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қожа Ахмет Яссауи кесенесін кім жармақ болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кепілдікті ешкім, ешқашан бере алмайды. Мұндай жағдай биыл ақпанда болды. Мен бұл ақпаратты БАҚ-тан естідім. Мен Тәжікстанның немесе басқа елдің азаматы сондай іс-қимыл жасағысы келген деп естідім. Оның көзқарасын, неге осындай шешім қабылдағанын білмеймін. Оның не үшін, қандай оймен барғанын айта алмаймын", - деді Дархан Сатыбалды ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Осы жағдайдан кейін облыс әкімдігі Үкіметке хат жазған.

"Яғни нысанды стратегиялық тізімге енгізу бойынша. Осыдан кейін ғимарат тізімге енгізіліп, арнайы күзет қызметі нысанда қауіпсіздік шараларын жүргізеді", - деді Түркістан облысының әкімі.

Еске салайық, биыл қыркүйекте ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев террористер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жармақ болғанын айтқан болатын.

"Биыл дайындықтың ерте кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жару әрекеті, сондай-ақ Астанада адам көп жиналған жерлерде қарулы шабуыл жасау әрекеттері тоқтатылды", – деген еді орынбасар ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының кеңесінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная