Жамбыл облысында 29 жастағы әйел қырым қанды безгегін жұқтырды

© alashainasy.kz

Жамбыл облысында ?ырым ?анды безгегін ж??тыр?ан келіншек аурухана?а т?сті, деп хабарлады КТК.

Жамбыл облысында қырым қанды безгегін жұқтырған келіншек ауруханаға түсті, деп хабарлады КТК.

Телеарнаның мәліметінше, қауіпті кеселмен жатқызылған Сарысу ауданының тұрғыны жақындарын аяғынан тік тұрғызған. Өйткені науқас өте ауыр жағдайда болыпты.

"29 жастағы келіншектің дертімен алысқан ақ халаттылар әзер дегенде бетін бері қаратқан. Сырқаттың дер кезінде дәрігерлерге қаралуы да абырой болды. Оны нақты қай жерінен, қай жерде кене шаққаны белгісіз. Үйінде мал ұстағандықтан, сол төрт түліктің бірінен тараған болуы ықтимал", - деп хабарлады тілші.

Реклама
Реклама

Осы оқиғадан кейін қора-қопсы түгел залалсыздандырылған. Бұл - Сарысуда биыл осымен екінші рет тіркелген жағдай. Өткен айда 11 жастағы бала кесел жұқтырып, әзер аяғына тұрған. Ал былтыр Байзақ ауданында 39 жастағы бес баланың анасын кене шағып, ол ажал құшқан еді. Жалпы, Жамбыл өңіріндегі бес аудан мен Тараз қаласында конго-қырым қанды безгегінің табиғи ошағы бар. Ал соңғы ауырған әйелдің жағдайы дұрысталып келеді.

"Қазіргі таңда жағдайы бір қалыпты. Қызуы төмен түскен. Толық көлемде емін алып жатыр. Қазір ол Сарысу аудандық инфекциялық бөлімде жатыр", - деді Жамбыл облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Күмісбек Рахимов.

Дереккөз: КТК.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама