Жамбыл облысында екі автобус бетпе-бет соғысты: 4 адам қаза тапты

Жамбыл облысында екі автобус бетпе-бет соғысты, 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қарағанды - Тараз және Алматы - Астана бағыты бойынша жолға шыққан екі рейс автобусы Алматы - Екатеринбург жолының 397-ші шақырымында соғысты.  

Қарағанды облысының Санитарлық авиация өкілдерінің хабарына қарағанда, жол-көлік оқиғасы 2015 жылдың 31 желтоқсанында таңғы сағат 7.15-те болған. Ең жақын маңдағы күре жол апат орнынан 113 шақырымда. 

Реклама
Реклама

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан төрт адам қаза тапты. Қарағанды облыстық Жол апаты медицинасының орталығының "Саршаған" пунктінің жедел әрекет ету бригадасы жарақат алған үш адамға қызмет етті. Олар Приозерск орталық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады Қарағанды облысы жөніндегі санитарлық авиацияның координаторы Қуат Хайдаров.  

Ауруханаға жеткізілгендердің қатарында Тәжікстан азаматшасы, Астана тұрғыны және Қарағанды облысының тұрғыны бар. Үшеуі де орта деңгейдегі жарақат алған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама