Жамбыл облысында көлікте өрт шығып, екі жасар сәби қаза тапты

Иллюстрациялық сурет

Жамбыл облысында к?лікте бол?ан ?рттен екі жасар с?би ?аза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД ?кілдеріне сілтеме жасап. 

Жамбыл облысында көлікте болған өрттен екі жасар сәби қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап. 

Оқиға 18 маусымда сағат 11:30-да Жамбыл ауданындағы Ерназар ауылында болған. Жеке тұрғын үйдің ауласында "ВАЗ-2105" маркалы көлігі өртеніп кеткен. 

"Өрт салдарынан 3-4-ші дәрежелі күйік шалған, денесінің 90 пайызы күйіп, Тараз қалалық № 2 ауруханасына 2015 жылғы қыз бала түскен. Ол 22:35-те қайтыс болды. Өртті үйдегілер өз күшімен сөндірген. Өрт сөндіру қызметіне төтенше жағдай туралы хабар түспеген", - деді Жамбыл облыстық ТЖД өкілдері. 

Реклама
Реклама

Куәгерлер мәліметінше, бала көлік ішінде сіріңкемен ойнап отырған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама