Жамбыл облысында қар құрсауында қалып қойған 147 адам құтқарылды

Жамбыл облысында ?ар ??рсауында ?алып ?ой?ан 147 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ТЖД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. Сондай-а?, 23 же?іл к?лік пен 4 ж?к к?лігіні? ??т?арыл?аны айтылады.

Жамбыл облысында қар құрсауында қалып қойған 147 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ, 23 жеңіл көлік пен 4 жүк көлігінің құтқарылғаны айтылады.

"56 адам Б.Момышұлы ауылындағы Герцен мектебінің жылыту пунктіне орналастырылды. Олардың 20-ы балалар. Балалар Айша бибі атындағы орта мектепке жеткізілді. Қазіргі уақытта жолдарды ашу үшін 150 дана техника жұмылды. Зардап шеккендер жоқ", - деді облыстық ТЖД өкілдері.

ТЖД өкілдерінің мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты Жамбыл облысындағы Айша бибі күзет орнынан бара жатқандағы "Алматы-Ташкент" тасжолы жабылды.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта "Күйік" пен "Шақпақ-ата" асуында алты жүк көлігі мен он екі жүк көлігі қар құрсауында қалып отыр", - деп хабарлады құтқарушылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкент - Тараз тасжолында ауа райының бұзылып, ондаған жүк көлігі тұрып қалғаны хабарланған болатын. Куәгердің мәліметінше, кептелістің негізгі бөлігі Тараздан шығаберісте екен. Көптеген жүргізуші түннен бері жолда тұрған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама