Жамбыл облысында қаза тапқан әскерилермен қоштасу рәсімі әскери бөлімде өтеді

Жамбыл облысында ?скери жатты?у кезінде бол?ан ?ар к?шкінінен ?аза тап?ан ?скерилермен ?оштасу р?сімі олар ?ызмет еткен ?скери б?лімде ?теді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде болған қар көшкінінен қаза тапқан әскерилермен қоштасу рәсімі олар қызмет еткен әскери бөлімде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаза тапқан әскерилермен қоштасу рәсімін әскери бөлімде өткізу жоспарланып отыр. Қоштасу рәсімінен кейін қаза тапқандардың денелері туыстарына жеткізіледі. Әзірше жерлеу рәсімінің нақты қаншада басталатыны белгісіз.

Айта кетейік, қаза тапқан әскерилердің денелері Таразға 17 ақпанда кешкі уақытта жеткізілді. Мәйіттер ашылып, содан соң жерлеу үшін туыстарына беріледі.

Реклама
Реклама

Қаза тапқан әскерилердің туыстары мәйітханаға келген соң, онда жедел жәрдем көлігі қойылды.

Ал төтенше жағдайдан зардап шеккен әскерилер қазіргі уақытта Тараздағы ауруханада жатыр. Оларға қажетті көмек көрсетілді.

Еске сала кетейік, 17 ақпанда Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапқан болатын."Қазіргі уақытта 91678 әскери бөлімінің қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметінің (барлығы 60 адам) оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 75 адам, яғни құтқару қызметінің жеке құрамы және жеті арнайы техника Тараз қаласынан жөнелтілген. Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан жеті адамның мәйіті табылған", - деген еді ҚР ІІМ-нің төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Ал кейінірек Бақытжан Сағынтаевтың Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаны тергеу барысын өз бақылауына алатыны хабарланған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама