Жамбыл облысында сәбиін дәретханаға тастаған келіншек табылды

© CEN

8 қаңтарда Жамбыл облысының полицейлері "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолының бойындағы дәретханаға жаңа туған сәбиін тастаған келіншекті тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

Сәбиді өлтіруге оқталды деп күдікке ілінген адам Тұрар Рысқұлов ауданының 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол ұсталды. Қылмыстық істің мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты айтылмай отыр. Баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның жай-жапсарын кейінірек жария ететінін хабарлады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Жамбыл облысында жол бойында тұрған дәретханадан нәресте табылған болатын. Нәжіске малынып, шырылдап жатқан шақалақты дәрет сындыруға тоқтаған жүргізушінің бірі байқап, дереу дәрігерлерді шақыртыпты.


© CEN

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама