Жамбыл облысында Талас өзеніне құлап кеткен 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр

Жамбыл облысында Талас өзеніне құлап кеткен 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр

Жамбыл облысында Талас ?зеніне батып кеткен болуы м?мкін 13 жаста?ы жас?спірім іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ??ірлік ТЖД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында Талас өзеніне батып кеткен болуы мүмкін 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 сәуірде сағат 21.45-те Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне Байзақ аудандық ІІБ-нен сағат 17.30-да Сарыкемер ауылы Байзақ ауданының кәмелет жасына толмаған 2004 жылғы тұрғынының Талас өзенінде ойнап жүріп, сол жаққа батып кеткен болуы мүмкін екені жайлы хабарлама келген.

"Іздестіру жұмыстарына облыстық ТЖД сүңгуірлер тобы - 4 адам, бір дана техника, Байзақ аудандық Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнен - 10 адам мен 3 дана техника, сондай-ақ, Байзақ аудандық ІІБ қызметкерлері - 15 адам мен 3 дана техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада. Сағат 00.05-те іздестіру жұмыстарынан нәтиже болмай, іздестіру тоқтатылды.

Реклама
Реклама

Ал бүгін, 10 сәуірде сағат 06.00-де іздестіру жұмыстары қайта жалғасты.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама