Жаңа жыл кезінде шашылған жалған ақша 36 адамның жаппай жаншылып өлуіне себеп болды

Жаңа жыл кезінде шашылған жалған ақша 36 адамның жаппай жаншылып өлуіне себеп болды

Шанхайдағы Вайтань өзенінің жағалауында қысылып өлгендердің саны 36-ға, жарақат алғандардың саны 47-ге жетті, - деп хабарлайды РИА Новости South China Morning Post газетіне сілтеме жасап. 

Еске сала кетейік, оқиға сәрсенбі күні жергілікті уақыт 23.35-те Вайтань жағалауында болды. BBC News порталы оқиғаның құрбандарының саны 36-ға жеткенін хабарлап отыр. Ал 47 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Қайтыс болғандардың басым бөлігі - колледждің оқушылары.  

Сонымен қатар, Шанхайда адамдардың жаппай қысылуына біреулердің долларға ұқсайтын қағаздарды шашқанынан болуы мүмкін деген нұсқа қарастырылып жатыр. Жапа шеккендер №1 Халық ауруханасына жеткізіліп, оларға жедел медициналық көмек көрсетілді. Алайда оқиғаның себебі ресми аталған жоқ. Ал куәгерлердің айтуынша, адамдардың жаппай қысыла бастауынан шамамен 3 минут бұрын 18 қабатты үйден біреулердің доллар купюрасының көшірмесін шашып, дүрбелеңді қасақана жасаған.

Реклама
Реклама

©Instagram/twitter.com

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама