Жаңаөзенде мұнай өнімдері өртенді

Жаңаөзенде мұнай өнімдері өртенді © Neftegaz.RU

28 желто?сан к?ні Жа?а?зеннен солт?стікке ?арай алты ша?ырым жерде орналас?ан "?зенм?найгаз" А?-ны? МГ?Б-3 (м?най газ ?ндіру бас?армасы) к?сіпорны аума?ында м?най ??быры орналас?ан жерге жа?ын м?най ?німдері ?ртенді, - деп хабарлайды "Лада" басылымы. 

28 желтоқсан күні Жаңаөзеннен солтүстікке қарай алты шақырым жерде орналасқан "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның МГӨБ-3 (мұнай газ өндіру басқармасы) кәсіпорны аумағында мұнай құбыры орналасқан жерге жақын мұнай өнімдері өртенді, - деп хабарлайды "Лада" басылымы. 

Маңғыстау облысының ТЖД өрт сөндіру және апат-құтқару қызметінің баспасөз орталығы өкілдерінің мәліметі бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. 

Кезекші пультіне хабарлама жергілікті уақытпен сағат 04:21-де түскен. "№ 61 құрылғы маңындағы № 4412 ұңғымасының жанында төгілген мұнай өнімдерінің өртенгені туралы хабарлама түсті. Ол МГӨБ-3 мекемесіне тиесілі. Аталаған орын Жаңаөзен қаласынан солтүстікке қарай алты шақырым жерде. 04:55-те өрт ауыздықталды, ал 05:00-де толықтай сөнідірілді", - дейді ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, өрт шалған аумақтың алты шаршы метр екені хабарланды. Келген шығын мен өрт себебін кезекші тергеуші анықтап жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама