Жанармай құю станциясына қарай ұшып кеткен Porsche жүргізушісі оқиға орнынан жасырынған - Алматы ІІД

Жанармай құю станциясына қарай ұшып кеткен Porsche жүргізушісі оқиға орнынан жасырынған - Алматы ІІД Видеодан алынған кадр

Жа?ында Алматыда жанармай ??ю станциясына ?арай ?шып кеткен Porsche Panamera ж?ргізушісі о?и?а орнынан жасырын?ан. Б?л туралы Алматы ?алалы? ІІД ресми ?кілі Салтанат ?зірбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақында Алматыда жанармай құю станциясына қарай ұшып кеткен Porsche Panamera жүргізушісі оқиға орнынан жасырынған. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта ер адамды іздестіру жұмыстарына Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің қызметкерлері жұмылды. Іс материалдарын Алматы қалалық Анықтау басқармасы жол апаттарын тергеу бөлімі өндіріске алды", - деп хабарлады Әзірбек.

Полиция жол апатының Төле би мен Саин көшелерінің қиылысында болғанын растады. Сондай-ақ, жол апатынан ешкімнің зардап шекпегені айтылады.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Porsche автокөлігінің жанармай құю станциясына қарай ұшып кеткен сәті түсірілген видео жарияланған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама