Жапонияда 6 жасар қазақстандық қыз қайтыс болды

Жапонияда 6 жасар қазақстандық қыз қайтыс болды

Өскемендік 6 жасар Райана Сковоролникова Жапонияда қатерлі ісіктен қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың өлімі туралы шешесі Екатерина Кирченко Instagram желісінде жазды. Оның айтуынша, қыз Жапонияға ұшып барғаннан кейін әлсіреген, бұл елге олар емдеу курсынан өту үшін барған. Райана Сковородникова қонғаннан кейін бірден жергілікті ауруханаға жатқызылған, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады - қыздың жүрегі тоқтаған. 

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіндегілер қыздың өлімін растады. 

Жарнама
Жарнама

"Иә, мәліметті растаймыз, Токиодағы қазақстандық консул қажетті құжаттарды толтырып жатыр", - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметіндегілер. 

6 жасар Райана Сковородникова бірнеше жыл бойы бүйрек қатерлі ісігімен күрескен.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама