Желіде Алматы маңында аударылған автобустың видеосы пайда болды

видеодан үзінді

?леуметтік желіде Алматы-Бішкек тасжолыны? 62-ші ша?ырымында аударыл?ан автобусты? видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол-к?лік о?и?асы 4 желто?санда та??ы 8-де ?зына?ашта болды. 

Әлеуметтік желіде Алматы-Бішкек тасжолының 62-ші шақырымында аударылған автобустың видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсанда таңғы 8-де Ұзынағашта болды. 

Видеода аударылған автобус түсірілген, оның жанында өрт сөндіру қызметінің мамандары, құқық қорғау органдары және дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. 

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы қаза тапты, он адам зардап шекті. "Ұзынағаш ауылының ауруханасына түрлі жарақатпен 10 адам жеткізілді, олардың біреуі кәмелетке толмаған. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство мәліметінше, автобуста отырған 43 адам Шымкенттен Алматыға қарай бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, автобустың 41 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, аударылып кеткен. "Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық тергеу басталды", - деп хабарлады облыстық полициядағылар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама