Желіде Алматыдағы жанармай құю бекетіне қарулы шабуылдың видеосы пайда болды

Видео кадры. © instagram.com/instavideo_kz

Алматыда жанармай ??ю бекетіні? к?зетшісі ?арумен шабуылда?андар?а тойтарыс берген туралы видео Желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Н?рбанк" А? баспас?з хатшысы Айг?л ?асенова?а сілтеме жасап.

Алматыда жанармай құю бекетінің күзетшісі қарумен шабуылдағандарға тойтарыс берген туралы видео Желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұрбанк" АҚ баспасөз хатшысы Айгүл Қасеноваға сілтеме жасап.

Баспасөз хатшысының мәліметінше, оқиға 12 қараша күні, сағат 04:08-де Helios жанармай құю бекеттерінің бірінде болған. 48 жастағы күзетші шабуылдағандарға қарсы тұрып, тіпті оларды ұстамақ болған. 

Реклама
Реклама

"Сайын көшесіндегі Helios ЖҚБ-не қарулы шабуыл жасалды. Бетперде киген және тапаншамен қаруланған екі адам, жанармай бекетіне басып кіріп, кассадағы ақшаны беруді талап еткен. Айта кетейік, кассада ақша болмаған. Дегенмен ЖҚБ-ның 1968 жылы туған штаттағы күзетшісі қарақшыларға қарсылық көрсетті. Оларға орындық лақтырып, қаруын тартып алмақ болған. Оқ атылды, ешкім зардап шекпеді. Күзетші аман-сау. Қылмыскерлер далаға қашып шықты, күзетші оларды ұстамақ болды. Дегенмен олар қашып үлгерді", - дейді Айгүл Қасенова.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама