Желіде асханадағы жаппай төбелестің видеосы пайда болды

видеодан үзінді

Желіде асханада жұмысшылар арасында жаппай төбелестің видеосы жарияланды. Бұл оқиға Ресейдің Амур газөндіру зауытында болғаны және сегіз адам төбелескені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Instagram және Telegram желісіндегі қазақстандық пабликтер мен каналдарда видеоны жариялап, оның сипаттамасында осы жағдай Маңғыстау облысында болғанын жазған. 

Реклама
Реклама

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы Интернет және БАҚ желісінде жарияланған бейнероликтерге қатысты "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның өндірістік және тұрмыстық нысандарындағы жағдай тыныш екенін хабарлайды. "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ жұмысшыларына жаппай төбелестің қатысы жоқ", - делінген компания мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық полиция департаментінің өкілдері мұндай жағдай тіркелмегенін айтады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама