Желіде Bek Air ұшағының құлаған сәті түсірілген видео пайда болды

Алматыда Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының құлаған сәті түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағының құлаған сәті түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ролик YouTube-тегі Joella Horn арнасында пайда болды. Видео бақылау камераларына түсірілген. Кадрларда бетон қоршауы, фонарлар, қарлы трасса көрінеді. Ұшақтың құлаған сәтін видеоның 1:27 секундынан көруге болады. Бірнеше секундтан кейін кадрда ұшақ пайда болады. Лайнер жер үстінде сырғанап, қоршауды тесіп өтіп, фонарьды бұзады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы радардан жоғалып кетіп, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама