Желіде ер адамды таңғалдырған қоғамдық дәретхананың видеосы пайда болды

© Youtube/Хамит Муталиев

Шуда?ы (Жамбыл облысы) ?о?амды? д?ретханаларды? біріне келушіні? ашулан?аны соншалы?ты ол д?ретхананы видео?а т?сіріп, YouTube желісіне ж?ктеген. Айта кетейік, жариялан?ан ролик бір апта ішінде жарты миллион?а жуы? к?рілім жина?ан.

Шудағы (Жамбыл облысы) қоғамдық дәретханалардың біріне келушінің ашуланғаны соншалықты ол дәретхананы видеоға түсіріп, YouTube желісіне жүктеген. Айта кетейік, жарияланған ролик бір апта ішінде жарты миллионға жуық көрілім жинаған.

Видеоға теміржол станциясында орналасқан дәретхана түсірілген. Ер адам бастапқыда неліктен дәретханаға кіреберіс жерде билеттері бар адамдарға кіру тегін деген жазбанының жоқтығын білмекші болған.

Содан ер адам ерлер дәретханасына кіріп, онда есіктердің жоқ екенін байқаған. "Мұнда қараңдаршы? Бұл жерде адам қалай отырады? Мен мысалы, қазір келіп отырмын. Басқа ешкім жоқ. Енді қазір тағы біреу кірсе, қалай болады екен? Бұл қалыпты жағдай емес қой. Жақсы, мен 50 теңге төлейін. Бірақ сіздер есік қойдыртсаңыздаршы. Бұл сұмдық қой. Мысалы, сіздің ағаңыз немесе әкеңіз келсе, сіз ұялмайсыз ба? Ертең прокуратураға жазамын", - делінген видеода.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қолданушылар жарияланған видеоның авторына осындай дәретхананың Қазақстанның барлық өңірінде бар екенін және мұнда таңғалатындай ештеңенің жоқ екенін жазып жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама