Жезқазған маңында зымыран қирандысы құлаған жерде болған адам өлімі дерегі бойынша тергеу жүргізіледі

Жезқазған маңында зымыран қирандысы құлаған жерде болған адам өлімі дерегі бойынша тергеу жүргізіледі © REUTERS

Жез?аз?ан ма?ында зымыран ?ирандысы ??ла?ан жерде адам ?лімі дерегі бойынша тергеу ж?ргізіледі. Б?л туралы ?Р ?ор?аныс ж?не аэро?арыш ?нерк?сібі министрлігіні? баспас?з ?ызметіндегілер айтты, - деп  хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жезқазған маңында зымыран қирандысы құлаған жерде адам өлімі дерегі бойынша тергеу жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп  хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол жерде адамдар болған жоқ. Күтпеген жағдай болып, бір адам қаза тапты. Ол өртті сөндіру кезінде қаза тапты. Өрт сөндірілді. Адам өліміне қатысты тергеумен министрлік ресейлік тараппен бірге айналысатын болады. Себебі қаза тапқан жұмысшы Ресейдің өрт сөндіру ұйымының жұмысшысы болып саналады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жезқазған маңында зымыран қирандысы құлаған жерде бір адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама