Жезқазғанда 13 жастағы қыз әкесін соттатып жібере жаздады: Оның зорлағанын айтқан

© scuolagestaltditorino.it

Жез?аз?анда 13 жаста?ы о?ушы ?ыз зорлады деп, ?кесін соттатып жібере жаздады. ?ыз ?кесіне жала жауып, ?стінен іс ?оз?ат?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жезқазғанда 13 жастағы оқушы қыз зорлады деп, әкесін соттатып жібере жаздады. Қыз әкесіне жала жауып, үстінен іс қозғатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық сотында Жезқазғанда 13 жастағы оқушы қызды зорлады делінген айып бойынша іс қаралды. Айыпталушы орнында қыздың әкесі отырды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде қыз әкесінің бірнеше жыл бұрын оны зорлағанын айтқан. Алайда сотта қыз өз түсінігін өзгертіп, жала жапқанын мойындады.

"Қыз сотқа айыпталушыға жала жапқанын айтты. Осыдан кейін прокурор өз айыптарынан бас тартып, судья Шалғымбаев іс бойынша өндірісті тоқтатты. Қылмыстық істі тоқтату жөніндегі қаулы заңды күшіне енді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қылмыстық іс жабық режимде қаралды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы кәмелет жасқа толмаған қыздың мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама