Жезқазғанда бес қабатты үйден шыққан өрттен әйел адам қаза болды

Жезқазғанда бес қабатты үйден шыққан өрттен әйел адам қаза болды Көрнекі сурет

Жез?аз?анда бес ?абатты ?йден шы??ан ?рттен ?йел адам ?аза болды. ?ртке темекі т??ылы себеп болуы м?мкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жезқазғанда бес қабатты үйден шыққан өрттен әйел адам қаза болды. Өртке темекі тұқылы себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірлік ТЖД өкілдерінің мәліметінше, 4 наурызда сағат 03.04-те 2-қабатта орналасқан екі бөлмелі пәтерде төтенше жағдай болып, жиһаздар өртенген. Өрт сағат 03.23-те ауыздықталып, сағат 03.36-да сөндірілді. Өрттің аумағы - 10 шаршы метр.

ТЖД өкілдері өрт сөндірушілердің оқиға орнында 1988 жылғы әйелдің мәйітін тапқанын анықтады. 17 адам құтқарылған. Олардың жетеуі - балалар. Барлығы 33 адам эвакуацияланды, олардың 10-ы - балалар.

Реклама
Реклама

Өртті сөндіруге ТЖД қызметкерлері - 13 қызметкер мен 4 дана техника жұмылдырылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама