Жезқазғанда ер адам сот ғимаратында өзін пышақтап тастады

"?аза?мыс" корпорациясыны? б?рын?ы ?ызметкері Жез?аз?ан ?аласыны? сот ?имаратында ?зін пыша?тап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақмыс" корпорациясының бұрынғы қызметкері Жезқазған қаласының сот ғимаратында өзін пышақтап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ашуға мінген ер адам пышақ ұстап, сот ғимаратында осымен бірнеше минут бойы тұр, оны ешкім тоқтатқысы келмейді де, жедел көмек көрсету ешкімнің ойына да кіріп-шықпайды...", - деп хабарлады әлеуметтік желіде куәгер. 

Реклама
Реклама

Ер адам видеода өзін-өзі тілгілеп тастайды. Алайда оның қандай талабы бар екені әзірше белгісіз.

Облыстық соттағылардың айтуынша, ер адам "Қазақмыс" корпорациясының бұрынғы қызметкері. "Ол "Қазақмыс" корпорациясының экс-қызметкері. Оқиғаның мән-жайын қазір анықтап жатырмыз", - деді ведомстводағылар. 

"1989 жылғы ер адам Жезқазғанның орталық ауруханасында. Ол іш қуысын тілгілеп тастаған. Оған ем көрсетілді, қазір науқас дәрігерлердің қарауында. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады өз кезегінде денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса. 

Ал "Қазақмыс" корпорациясының өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартып отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама