Жоғалып кеткен поляк турисінің денесі Алматы маңындағы таудан табылды

© Tengrinews.kz

"Шымбұлаққа" жақын маңдағы таудан жоғалып кеткен польшалық саяхатшының денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам тауға 24 қаңтарда кеткен, оның жоғалғаны туралы 25 қаңтарда белгілі болды. Туристің денесі Талғар шатқалының сол жақ бөктерінен табылды. "Үсіп қалған деген болжам бар. РЖҚЖ қызметкерлері ер адамның денесін тікұшақ алаңына жеткізеді. Денені медициналық мекемеге жеткізу үшін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы пайдаланылады", - делінген хабарламада.

Алматы ТЖД бұған дейін туристің еш жерде ресми тіркелмегенін хабарлаған еді. Ол бағытын да ешкімге айтпаған.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама