Жол апатынан ата-анасы қаза тапқан бүлдіршін есін жиды

Отырар.kz

Шымкентте с?мды? жол апаты екі адамны? ?мірін ?иды. Екі бірдей Toyota к?лігі со?ысып ?алып, соны? салдарынан жол тал?амайтын к?лікте отыр?ан ерлі-зайыпты тіл тартпай кетті. Оларды? 6 жасар баласы аман ?алды. Ал о?и?а орнынан алдымен ізін суыт?ан ж?ргізуші кін?сін мойындап, полиция б?ліміне ?зі келген, - деп хабарлайды Отырар.KZ.
 
?ай?ылы о?и?а 12 наурыз?а ?ара?ан т?ні, са?ат 2.00 шамасында бол?ан. Шымкенттегі ?л-Фараби ж?не Юсупов к?шелеріні? ?иылысында Toyota Land Cruiser 200 ж?не Toyota Camry же?іл к?лігі со?ты?ыс?ан. Соны? салдарынан жол тал?амайтын к?лігіні? 45 жаста?ы ж?ргізушісі мен оны? 36 жаста?ы ж?байы ал?ан ауыр жара?аттарынан о?и?а орнында ?аза бол?ан. Ал оларды? ?ызы сол мезетте облысты? балалар ауруханасыныны? жанса?тау б?ліміне жеткізіліпті. Жол-к?лік апаты бол?ан орыннан ізін суыт?ан 31 жаста?ы ж?ргізуші ?азір кін?сін мойындап, Абай ауданды? полиция б?ліміне ?зі келген.

Шымкентте сұмдық жол апаты екі адамның өмірін қиды. Екі бірдей Toyota көлігі соғысып қалып, соның салдарынан жол талғамайтын көлікте отырған ерлі-зайыпты тіл тартпай кетті. Олардың 6 жасар баласы аман қалды. Ал оқиға орнынан алдымен ізін суытқан жүргізуші кінәсін мойындап, полиция бөліміне өзі келген, - деп хабарлайды Отырар.KZ.
 
Қайғылы оқиға 12 наурызға қараған түні, сағат 2.00 шамасында болған. Шымкенттегі Әл-Фараби және Юсупов көшелерінің қиылысында Toyota Land Cruiser 200 және Toyota Camry жеңіл көлігі соқтығысқан. Соның салдарынан жол талғамайтын көлігінің 45 жастағы жүргізушісі мен оның 36 жастағы жұбайы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған. Ал олардың қызы сол мезетте облыстық балалар ауруханасынының жансақтау бөліміне жеткізіліпті. Жол-көлік апаты болған орыннан ізін суытқан 31 жастағы жүргізуші қазір кінәсін мойындап, Абай аудандық полиция бөліміне өзі келген.

Ал ата-анасынан бір түнде айырылған төрт жарым жасар баланың да қазір жағдайы мүшкіл. Жансақтау бөлімінде арнайы аппаратпен дем алып жатыр.

Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Әнуарбек Маймақовтың айтуынша, баланың жағдайы түскен кезде тым ауыр, бас сүйегі зақымданған, миына зиян келген деген диагноз қойылған. "Бүйрегі ажырап, аяқтары сынған. Гемоглобині 60 еді. Біздің балалар ауруханасы күрделі мамандандырылған болғандықтан, 1 сағатқа жетпей барлық маманды шақырып, балаға тез арада операция жасадық, қанын тоқтаттық. Сынған жерлеріне гипс қойып, балаға жансақтау бөлімінде ем-дом жасалды. Бір айтарлығы, осындай ауыр жағдайда түссе де, бүгін сағат 11.00-де бала көзін ашып, өзіне келіп, іздеп келген туысқандарына жауап беріп жатыр", - деді Маймақов.

Реклама
Реклама

Ақ халаттылардың айтуынша, аяқ сүйектері үш жерден сынған балаға әлі бірнеше күрделі ота жасалуы керек. Егер, ота сәтті шықса, науқас аптаның соңғы күндері палатаға ауыстырылуы мүмкін. Ал Абай полиция бөлімі қазір қос тараптың кінәсін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама