Жомарт Ертаевқа бөтеннің мүлкін жымқырды деген күдік келді

Жомарт Ертаев. ©Proff.ru

Жомарт Ертаевқа бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену және жұмсап қою арқылы жымқырды деген күдік келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының өндірісінде "Альянс Банк" АҚ құзырлы тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық істің бар екендігі хабарланды.

Жомарт Ертаевқа ҚР ҚК 189-бабының 3-бөліміндегі 1-пунктінде ("Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін топ адаммен алдын ала келісім арқылы қызметтік құзырын пайдалана отырып ірі көлемде иемдену және жұмсап қою арқылы жымқыру") қарастырылған қылмыс құрамы белгілері бойынша күдік келді. 

Реклама
Реклама

2015 жылдың 22 маусымында Жомарт Ертаев күдікті болып танылған еді және оның ісі ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлімінің 1-пункті бойынша бағаланды. Соталды тергеу амалдары жүріп жатыр.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама