Зорлау, адам өлтіру бойынша сотталғандар мектепте жұмыс істеген

viewings icon 861
comments icon 0
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда бұрын ауыр қылмыс жасаған адамдарды мектептерге жұмысқа орналастыру деректері әлі де анықталып жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың аға көмекшісі Арғын Айтқожин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда бұрын ауыр қылмыс жасаған адамдарды мектептерге жұмысқа орналастыру деректері әлі де анықталып жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың аға көмекшісі Арғын Айтқожин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айтқожин бүгін Сенатта өткен дөңгелек үстел барысында жаңадан анықталған деректер туралы айтты.

"Әлі де жүргізіліп жатқан тексерулер бұрын ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа орналастыру деректерін анықтады. Алматыда 2006 жылы адам өлтірген әйел мектепте тазалықшы болып жұмыс істеген. Зорлық жасады деген ер адам лаборант болып жұмыс істеген. Астанада халықаралық колледжде бұған дейін зорлау дерегі үшін сотталған адам дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа алынған. Тағы бір жағдайда тазалықшы мен мұғалім қасақана дене жарақатын келтіргені үшін жауапқа тартылған", - деді бас прокурордың көмекшісі.

Реклама
Реклама

Спикердің айтуынша, мұндай жағдайлар аз емес және еліміздің барлық өңірінде кездеседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная