Жүргізушінің жол апатынан ғажайыппен аман қалған сәтінің видеосы пайда болды

Жүргізушінің жол апатынан ғажайыппен аман қалған сәтінің видеосы пайда болды Кадрдан

Интернетте жүргізушінің жол апатынан ғажайыппен аман қалған сәтінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісіндегі @ ZTB Video паблигінде пайда болған видеодан әйел адамның кенеттен жүгіріп шығып, жолға жата қалғанын көруге болады. Дегенмен жүргізуші дер кезінде рульді солға бұрып, қарсы бағытқа шығып үлгерді. Осылайша ол жол-көлік оқиғасынан аман қалды.

Оқиға автотіркегішке 29 қазан күні жазылған. "Өзін өзі өлтіру, кездейсоқтық немесе ақша табу жолы ма?", - деп жазды паблик әкімшілігі. Оқиғаның нақты қай қалада болғаны хабарланбады.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама