15 жастағы қазақстандық футболшы “Барселонамен“ келісімшартқа отырды

Нұрила Достарқызы Корреспондент
15 жастағы қазақстандық футболшы “Барселонамен“ келісімшартқа отырды Фото: instagram.com/theaacademybcn

15 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіқанов әйгілі испаниялық "Барселона" клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы жергілікті Mundo Deportivo басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

15 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіқанов әйгілі испаниялық "Барселона" клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы жергілікті Mundo Deportivo басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Меңдіқанов "Барселонада" ойнайтын алғашқы қазақстандық футболшы атанды. Ол қазір Каталонияда жаттығып жатыр әрі ауысуға дайындық үстінде. Жас талантты ойыншыны испаниялық баспасөз құралдары "қазақстандық гауһар тас" деп атаған.

Мән-жайы

Реклама
Реклама


Кәрім Испанияға 2022 жылы қоныс аударған. Сол сәттен бастап ол "Барселонаның" жастары қатарында жаттыққан.

Өткен маусымды ол Cerdanyola сапында өткізген. Mundo Deportivo жазуынша, футболшы өзінің қабілетін танытып, үздік ойын көрсеткен.

Басылым ақпаратынша, жаңа маусымда Меңдіқанов Sant Cugat FC клубымен келісімшартқа отырып, өз лигасындағы үздік оң жақ вингерлердің бірі ретінде танылған. Оны дриблинг шебері әрі чемпионаттың үздік ассистенттерінің бірі деп атаған.

Сарапшылар не дейді?

Кәрім оң жақ қапталдағы шабуылшы позициясында ойнайды. Испаниялық басылым материалында оның ойнау шеберлігіне ерекше тоқталған: жылдамдық, қарсыластан айласын асыру, қауіпті сәттер жасау.

"Испаниялық жастар футболы халықаралық таланттар үшін магнит саналады. Өзіне назар аударта бастаған есімдердің бірі - Кәрім Меңдіқанов", - делінген материалда.

"Барселона" клубын таңдау

Жас талантқа испаниялық бірнеше клуб қызығушылық танытқан. Алайда футболшы "Барселона" ұсынысын қабылдаған.

Басылым мәліметінше, келісімшартқа қол қойылған. Меңдіқанов жаңа жүйеге тезірек үйренісу үшін командамен бірге жаттығу жиындарына қатысқан.

Бұл ретте барлық жаттығу оның қазіргі клубы - Sant Cugat FC рұқсатымен өткізілген.

Әрі қарай не болады?

Меңдіқановтың "Барселона" командасына жазда ресми түрде қосылуы оны клуб тарихындағы алғашқы қазақстандық ойыншы етеді.

Әзірге Кәрім ойын тәжірибесін алуды жалғастырады. Mundo Deportivo ақпаратынша, алдағы уақытта ол халықаралық МIC (Mediterranean International Cup) турнирінде ойнауы мүмкін. Бұл Еуропа жасөспірімдері арасындағы ірі турнир саналады.

Сонымен қатар басылым тілшілері ойыншыға қызығушылық жоғары болғанына қарамастан, Меңдіқанов әзірге Қазақстан жастар немесе ұлттық құрамасына шақырту алмағанын атап өткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама