07 қараша 2020 | 10:00

19 жастағы қарағандылық футболшы испаниялық клубтың ең қымбат ойыншыларының тізіміне енді

© instagram/bachek__10

19 жастағы қарағандылық футболшы Дмитрий Бачек Испания чемпионатының үшінші дивизионында өнер көрсететін "Унион Депортиво Побленсе" испан клубының ең қымбат футболшыларының қатарына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Новый Вестник" сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

19 жастағы қарағандылық футболшы Дмитрий Бачек Испания чемпионатының үшінші дивизионында өнер көрсететін "Унион Депортиво Побленсе" испан клубының ең қымбат футболшыларының қатарына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Новый Вестник" сайтына сілтеме жасап. 

Футболшының трансферлік құны 100 мың еуро, ол команданың ең құнды төрт ойыншысының қатарына кіреді.

Реклама
Реклама

Оның ауысқаны туралы хабарды командасы бір ай бұрын айтқан. Ал ресми түрде жұмада, 6 қарашада ұсынылды. 

"Побленсе" 1935 жылы құрылған, команда Балеар аралдары автономиялық қоғамдастығының Ла Пуэбла қаласының атынан ойнайды. 

Дмитрий Бачек Қарағанды футбол мектебінің түлегі. 2019 жылы "Шахтердің" негізгі командасында дебют жасаған. Бразилияда "Оле Бразил" жобасы аясында "Крузейро" академиясында оқыған.

Былтыр жыл соңында Дмитрий Бачек Қарағанды футбол клубымен келісімшартты өз еркімен бұзып, Еуропа чемпионатында күшін сынап көрді. Ол хорватиялық "Хайдукта" өнер көрсетуі мүмкін екені де хабарланған, футболшыға немістің "Штутгарт" командасы да қызығушылық танытқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная