5:0. Исламхан араб клубындағы алғашқы ойынында нәтижелі пас берді

Қазақстан құрамасының капитаны әрі алматылық "Қайрат" клубының экс-шабуылшысы Бауыржан Исламхан БАӘ чемпионатында "Әл-Айн" сапында бірінші ойынға қатысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасының капитаны әрі алматылық "Қайрат" клубының экс-шабуылшысы Бауыржан Исламхан БАӘ чемпионатында "Әл-Айн" сапында бірінші ойынға қатысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық футболшының командасы "Әл-Васла" клубын өз алаңында қабылдады. Қазақстандық футболшы алаңға 71-минутта есеп 3:0 ("Әл-Айн" пайдасына - авт. түсіндірмесі) кезінде шықты.

Реклама
Реклама



Исламхан алаңға шыққаннан кейін "Әл-Айн" тағы екі жауапсыз гол салды, нәтижесінде ойын 5:0 есебімен аяқталды. Сондай-ақ, алаң иелері бір ойыншыға кем ойнады. Қазақстандық футболшы ойын барысында нәтижелі пас шығарды.


Келесі ойында "Әл-Айн" өз алаңында "Әл-Шардж" клубының ойыншыларын қабылдайды. 27 ұпай жинаған Исламханның командасы жалпы есепте екінші орында келеді, ал қонақтар 24 ұпаймен төртінші орында тұр. Ойын 7 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:15-те басталады. 

"Әл-Айн" Исламханмен келісімшартқа отырғаны туралы 31 қаңтар жарияланды. Жаңа клубта қазақстандық сегізінші нөмірде өнер көрсетеді. Бауыржан Исламхан "Әл-Айн" футболшысы ретінде алғаш сұхбат беріп, жаңа клубпен жаттығу жасап үлгерді. Ол БАӘ чемпионатының ең қымбат ойыншыларының ондығына кірді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама