50 шақты фанат "Спортинг" футболшыларын ұрып-соқты

50 шақты фанат "Спортинг" футболшыларын ұрып-соқты Бас Дост. © EPA

Шамамен 50 ша?ты лиссабонды? "Спортинг" фанаттары бетперде та?ып, капюшон киіп клубты? базасына баса-к?ктеп кіріп, футболшылар мен бапкерлер штабыны? ?кілдерін ?рып-со??ан, - деп хабарлайды A Bola мен O Jogo.

Шамамен 50 шақты лиссабондық "Спортинг" фанаттары бетперде тағып, капюшон киіп клубтың базасына баса-көктеп кіріп, футболшылар мен бапкерлер штабының өкілдерін ұрып-соққан, - деп хабарлайды A Bola мен O Jogo.

Дереккөз мәліметінше, футболшылар мен бапкерлер киім ауыстыру бөлмесінде болған кезде фанаттар баса көктеп кіріп келген. Олар "Спортинг" бас бапкері Жорже Жезушты балағаттап, Руй Патрисиу, Виллиам Карвалью, Бас Дост, Родриго Батталью мен Йосип Мишичті соққының астына алған. Шабуыл нәтижесінде Досттың басы жарылды.

Реклама
Реклама

Фанаттардың мұндай әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз. "Спортинг" үшінші орын алып, Чемпиондар лигасына өте алмады. 20 мамырда олар Ұлттық кубок финалында өнер көрсетеді.

Еске салайық, Еуропа чемпионатының 1/16 финалында "Спортинг" қазақстандық "Астана" командасымен ойнап, 3:1, 3:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама