Айсұлтан Назарбаев Ерлан Қожағапановтың ұсынысынан бас тартты

© Facebook

Айс?лтан Назарбаев Астанада ?тетін футбол форумына ?атысудан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айсұлтан Назарбаев Астанада өтетін футбол форумына қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Facebook әлеуметтік желісідегі арнайы парақшасында ол ҚФФ президенті Ерлан Қожағапановтың бірге жұмыс істеу туралы ұсынысын қабылдамайтынын жазды. Айсұлтанның ҚФФ президентіне қайтарған жауабын толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қожағапанов Айсұлтан Назарбаевпен диалогқа келуге дайын екенін айтқан болатын. "22 қарашада Федерация Республикалық Футбол Форумын өткізеді. Оған қатысуға барлығын шақырамыз, Айсұлтан Рахатұлын да. Біз онымен диалогқа келуге дайынбыз. Таяу күндері форумның өтетін орнын хабарлаймыз. Бірге жұмыс істейміз және футболымыздың дамуы үшін бар мүмкіндігімізді аямаймыз", - деді ол.

Айта кетейік, Астанада 21 қараша күні футбол форумына аймақтық федерациялар мен клубтардың жетекшілері қатысады. Форум барысында Қазақстандағы осы спорт түрінің даму барысы талқыланады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама