Ақтауда 8 миллиард теңгеге стадион салынатыны рас па? Әкімдік жауабы

Ақтауда 8 миллиард теңгеге стадион салынатыны рас па? Әкімдік жауабы Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Желіде Ақтауда 8 миллиард теңгеге стадион салынатыны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Ақтауда 8 миллиард теңгеге стадион салынатыны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онда жаңа нысан қаладағы жаңа мөлтек аудандардың бірінде салынатыны айтылған.

"Жобаның бағасы - 8 миллиард теңгеге жуық. Ол УЕФА-ның барлық талабына сай болады", - деп жазылған meta-ratings.kz сайтында.

Жарнама
Жарнама

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

"Бұл жалған ақпарат. Негізі, Ақтауда спорт кешенін салу жоспарланып жатыр. Бірақ оның бағасы қанша, эскизі қандай болатыны әлі бекітілмеді", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қазір Ақтауда жергілікті "Каспий" футбол клубы өз алаңындағы ойындарды "Жас Қанат" стадионында өткізіп жүр. Бұл аренаға 5 мың жанкүйер сыяды. 

Айта кетейік, былтыр Түркістанда жаңа футбол стадионы ашылған болатын. Жеті мың орындық "Түркістан-Арена" тек футболға емес, жеңіл атлетика үшін де салынған. Оның құрылысына 39 миллион доллар жұмсалған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама