ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2018 | 18:49
"Ақтөбе" футбол клубы 100 миллион теңгеге сатылып жатыр
Ақтөбе облыстық әкімдігі "Ақтөбе" футбол клубын бәссаудада сатады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбе облыстық әкімдігі "Ақтөбе" футбол клубын бәссаудада сатады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бастапқы бағасы 100 миллион теңге. Өтініштер 2018 жылдың 7 қазанына дейін қабылданады, сосын сауда басталады. Сенімді басқару жеті жылға жоспарланған, мерзім аяқталған соң сатып алу құқығына ие болады.
"Келісім шарты бойынша, "Ақтөбені" сатып алушы өз шешімдерін клуб құрылтайшыларымен ақылдасуы керек және команданы тағы біреуге сатуына тыйым салынады. Сонымен қатар, жаңа басшы клубың несие қарыздарын өтеуі тиіс.
Сонымен қатар, "Ақтөбе" клубының жаңа басшысы команданың барлық турнирлерге және ел біріншілігіне қатыстыруы тиіс, сондай-ақ УЕФА аясында өтетін турнирлерге қатысуы керек. Одан бөлек, облыстағы балалар футболын дамыту да ерекше қарастырылған.
Осыған дейін, ФИФА ұйымы Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жіберді, онда "Ақтөбе" клубының бұрынғы ойыншыларына қатысты заңсыз әрекеттеріне тыйым салуды өтінген. Өз кезегінде ҚФФ ақтөбелік командаға ФИФА шешімін ары қарай елемейтін болса айтарлықтай санкциялар енгізетінін мәлімдеді.
Маусым басында "Ақтөбе" ФИФА шешімі бойынша, бразилиялық шабуылшы Данило Некоға қарызы үшін алты ұпайдан айырған еді. Неко 2014 және 2015 маусымында қазақстандық премьер-лигада өнер көрсеткен еді. 26 турдан кейін ақтөбелік команда ҚПЛ-2018 жарысында 12 команда арасында 30 ұпаймен алтыншы орында келеді.
Показать комментарии
Читайте также