"Ақтөбе" футболшыларының жалақысы туралы жаңа деректер анықталды

03 Қараша 2016, 12:01
0
"Ақтөбе" футболшыларының жалақысы туралы жаңа деректер анықталды -

"Ақтөбе" ФК жалақымен қатар, ойыншыларға әр өткізген матч үшін ақша төлеп тұрады екен. Мұндай мәліметті "Диапазон" газеті редакцияға келіп түскен құжатқа сілтеме жасай отырып, таратты.

Осыған дейін клуб 2016 жылғы жалақылар көлемін жария еткен еді. Клубта ең жоғары айлық алатын ойыншы Алексей Щеткин екен, оның ай сайынғы табысы - тоғыз миллион теңге. "Ақтөбенің" бұрынғы капитаны Самат Смақов алты миллион алып отырған. Қазіргі кезде қос ойыншы да өзге клубта ойнайды.

Ақтөбелік клуб сапындағы легионерлер арасында ең көп табыс Никита Бочаровта - айына 2,5 миллион теңге. Ал клуб бапкері Юрий Уткульбаевтың айлығы - 3,5 миллион теңге.

"Диапазон" басылымы ақтөбелік клубтың бас директоры Дмитрий Васильевтің биыл футболшылардың жалақысы 500 мың теңгеден 3 миллион теңгеге дейін жететінін мәлімдегенін жазып отыр. Алайда, жалақылар тізімінде көлемі басқа болып шықты.

"Ақтөбе" футбол клубы жалақылар көлемін жария еткеннен кейін футболшылар мен клубтардың арасындағы делдал агенттерге бір тиын да ақша бермегенін мәлімдепті.

"Ақтөбе" ФК ашықтық саясатының аясында 2016 жыл бойынша футболшылармен жасалған келісімшарттарға сәйкес, "Ақтөбе" ФК агенттіктерге трансферлерге және көтерме пұлдарын төлемеді. Барлық келісімшарт теңгемен жасалды, бұл ұлттық валюта әлсіресе бағам айырмасына қатысы болмайтынын білдіреді. Қазақстан премьер-лигасының жалақы көлемі "Ақтөбе" футбол клубының тізіміндегі көлемге қарағанда кем дегенде тоғыз команданыкі жоғары", - деп келтіреді басылым клуб хабарламасын.

Басылым өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, жарияланған сомалардың футболшылардың айлық табысы ғана екенін хабарлады. "Мәселен, Никита Бочаровтың айлық табысы - 2,5 миллион теңге. Алайда редакциямызға келіп түскен құжатта оның алаңға әр шығуына 300 мың теңге берілетіні айтылады. Қазақстан чемпионатында Бочаров 31 матч өткізді. Ал Ситдиков 32 матч өткізген. Оның алаңғы әр шыққанына қанша алып отырғаны белгісіз, бұл ойыншының айлық жалақысы - 1,2 миллион теңге", - деп жазады басылым. 

Сонымен қатар, дереккөздің мәліметінше, чемпионаттағы матчтарда әр жеңісте әр ойыншы 400 мың теңге алады екен. Әкімшілік қызметкерлері және видеооператор осы сомадан пайызын алады. Төлем көлемін клуб басшылығы шешеді. Ал егер "Ақтөбе" сырт алаңда тең ойнаса, әр ойыншы 200 мың теңгеден алады екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай