ПОДЕЛИТЬСЯ
26 тамыз 2019 | 16:42
Ақтөбеде ойын кезінде бүлік шығарған жанкүйерлер полицияға жеткізілді
Ақтөбе қаласында орталық стадионда ("Ақтөбе" - "Ертіс") болған ойын кезінде 9 жанкүйер полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оларға әкімшілік айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".

Ойынның 63-ші минутында "Ертіс" сапында өнер көрсетіп жүрген Марко Станоевия алаң иелерінің қақпасынан саңылау тапты. Кездесуге бес минут қалаған Абат Аймбетов есепті теңестіріп кетті. Осылайша "Ақтөбе" - "Ертіс" ойыны 1:1 есебімен аяқталған болатын. Ал ойын кезінде жанкүйерлер ереже бұзып, полиция оларды бөлімшеге алып кетті.
"Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға айыппұл салынды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Показать комментарии
Читайте также