26 тамыз 2019 16:42

Ақтөбеде ойын кезінде бүлік шығарған жанкүйерлер полицияға жеткізілді

@ alima_bay

Ақтөбе қаласында орталық стадионда ("Ақтөбе" - "Ертіс") болған ойын кезінде 9 жанкүйер полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оларға әкімшілік айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе қаласында орталық стадионда ("Ақтөбе" - "Ертіс") болған ойын кезінде 9 жанкүйер полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оларға әкімшілік айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"

Ойынның 63-ші минутында "Ертіс" сапында өнер көрсетіп жүрген Марко Станоевия алаң иелерінің қақпасынан саңылау тапты. Кездесуге бес минут қалаған Абат Аймбетов есепті теңестіріп кетті. Осылайша "Ақтөбе" - "Ертіс" ойыны 1:1 есебімен аяқталған болатын. Ал ойын кезінде жанкүйерлер ереже бұзып, полиция оларды бөлімшеге алып кетті.

Реклама
Реклама

"Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға айыппұл салынды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram