Алаң ортасынан гол жіберіп алған қақпашы ойын кезінде таксиге мініп, үйіне кетіп қалған

Алаң ортасынан гол жіберіп алған қақпашы ойын кезінде таксиге мініп, үйіне кетіп қалған © veja.abril.com.br

Бразилиялы? голкипер Фабио Гонсалвес "Фигейренсе" клубыны? сапында т???ыш рет ойын?а шы?ып, ала? ортасынан гол жіберіп алды, - деп хабарлайды Globo Esporte.

Бразилиялық голкипер Фабио Гонсалвес "Фигейренсе" клубының сапында тұңғыш рет ойынға шығып, алаң ортасынан гол жіберіп алды, - деп хабарлайды Globo Esporte.

Бразилияның В Сериясындағы төртінші тур аясында "Боа" клубына қарсы өткен ойында қақпашы бірінші таймда екі доп жіберіп алды. Бірінші голды қақпа ортасынан соқтырып алса, екіншісі 11 метрлік айып добынан өткізіп алды. 

Ал бірінші тайм аяқталған кезде Гонсалвес стадионнан шығып кетіп, таксимен кетіп қалған. Ал клуб осы ісі үшін 38 жастағы голкипермен келісімшартын үзді. 

Жарнама
Жарнама

Кездесу 2:0 есебімен аяқталды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама