17 маусым 2021 | 17:06

Алаңда талып құлаған Эриксеннің жүрегіне ота жасалатын болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Еуропа чемпионатының матчінде талып құлаған Дания құрамасының футболшысы Кристиан Эриксенге жүрек-тамыр құрылғысы қажет. Бұл туралы құраманың дәрігері Мортен Боэсен мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еуропа чемпионатының матчінде талып құлаған Дания құрамасының футболшысы Кристиан Эриксенге жүрек-тамыр құрылғысы қажет. Бұл туралы құраманың дәрігері Мортен Боэсен мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Кристианның жүрегіне бірнеше рет сынама жасалғанан кейін, оған жүрек-тамыр құрылғысы (ICD) қажет деп шешілді. Бұл құрылғы инфаркттан кейін жүрек соғысының бұзылуына байланысты қажет. Кристиан шешім қабылдады. Жоспарды ұлттық және халықаралық мамандар да растады. Олардың бәрі бірдей емделуді ұсынды", - деп жазды Sky Sports басылымы Боэсеннің сөзін келтіріп.

Дания құрамасы 12 маусымда Финляндиядан 0:1 есебімен ұтылған еді. Бірінші таймның соңында 29 жастағы Эриксен құлап, есінен танып қалған. Бірнеше минут бойы дәрігерлер ойыншыға алғашқы көмек көрсетіп, жүрегіне массаж жасаған. Кейін футболшы ауруханаға жеткізілген. Ойын уақытша тоқтап, кейін қайта жалғасқан болатын. Ойыншы әлі ауруханада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная